Ақмола облысында 3 мыңға тарта кәсіпкер салық амнистиясына ілікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 3 мыңға тарта кәсіпкер салық амнистиясына ілікті

15.01.2019

Биыл Ақмола облысында 3 мыңға тарта кәсіпкер салық амнистиясына ілікті. Мемлекеттік кірістер департаментінің алдын ала жасалған есебіне сәйкес, өңірде 1,6 миллиард теңге көлеміндегі салық өсімі мен айыппұл алып тасталады. Ал, облыс бюджетіне салықтың негізгі қарыз төлемінен түсетін қаржы көлемі 3 миллиард теңгедей. Шағын және орта бизнес үшін жарияланған рақымшылыққа ірі көлемдегі салық төлеушілер мен акцизді өнім өндірушілер енбейді. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында салық амнистиясы 3 рет жүргізілген. Биыл шағын және орта бизнес субъектілеріне жеңілдік жасалды.

Ақмарал Мейірманова, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім жетекшісі:

- Елбасының тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап салық амнистиясы жүргізіледі. Яғни, негізгі қарызы өтелгендердің өсім мен айыппұлы жойылады. Бүгінде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаменті айыппұл мен өсімді жою тәртібін әзірлеуде. Бұйрық шамамен ағымдағы жылдың наурыз айында өз күшіне енеді.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу