Қостанайда қоғамдық көліктің жолақысы енді электронды түрде төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда қоғамдық көліктің жолақысы енді электронды түрде төленеді

15.01.2019

Қостанай қаласында қоғамдық көліктің жолақысы енді электронды түрде төленетін болады. Яғни, төлем жүргізу арнайы пластик карталар арқылы жүзеге асады. Бұл жаңалық әзірге сынақ түрінде үш бағытта жүретін алты автобусқа енгізілді. Төлем карталарын тұрғындар автобус жүргізушілерінен, сауда нүктелерінен сатып ала алады. Қолма-қол ақша бергендерге қарағанда электронды төлем жүргізгендер бірқатар жеңілдіктерге ие болуы тиіс. 

Нұралы Есіргепов, Қостанай қаласы әкімдігінің Жолаушылар тасымалы секторының меңгерушісі:

- Сынақ мерзімі 25 қаңтарға дейін жалғасады. Осыдан соң сынақ нәтижесіне сәйкес электронды төлем жүргізу біртіндеп енгізіле бастайды. Бұл жаңашылдық жолаушылар үшін де, тасымалдаушылар үшін де тиімді болады деп есептейміз. 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу