Басты Жаңалықтар Былтыр Ұлытауға 14 мыңнан астам турист келген

Былтыр Ұлытауға 14 мыңнан астам турист келген

Былтыр Ұлытауға 14 мыңнан астам турист келіп, тарихи ескерткіштер мен киелі өңірлерді аралаған. Бұл туралы «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының өкілдері хабарлады. Қорға биыл 63 жәдігер қабылданып, оның 34-і негізгі қорға енгізілген. Сондай-ақ, 15 этнографиялық жәдігер қайта қалпына келтірілген. Бұл музейге келем деушілер қатарын көбейткен. Мысалы Ұлытауға былтыр 14 мыңнан астам турист келсе, оның 200-ден астамы шетелдіктер екен. Мәдени мекеме өкілдері «бұған халықаралық деңгейдегі шаралар көп септігін тигізді», дейді. 

Баян Шайгөзова, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы директорының орынбасары:

- Біз халықаралық семинар өткізген болатынбыз. Оған Өзбекстан, Қырғызстан, ЮНЕСКО өкілдері келді. Соны 13 сессияда Маврикий Республикасында қорғап келдік. ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізіміне ендік және сертификат алдық. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу