Басты Жаңалықтар Павлодарда жұмыс орнында Жаңа жыл мерекесін тойлаған мемлекеттік қызметкерлер жазаланды

Павлодарда жұмыс орнында Жаңа жыл мерекесін тойлаған мемлекеттік қызметкерлер жазаланды

Павлодарда мемлекеттік қызметкерлер алдын ала жасалған ескертулерге қарамастан жұмыс орнында дастархан жайып, спирттік ішімдік ішкен. Мына бейнетаспада - аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары. Олар жұмыс күні екеніне қарамастан, түс ауа мерекені тойлауға кірісіп кеткен. Орман және аңдарды қорғау инспекциясы қызметкерлері де іңір түсісімен Жаңа жылды қарсы алуға қамданады. Бірақ, тексеруге шыққан Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің арнайы мониторингтік тобы оларға бөгет болды. Нәтижесінде, заңды белден басқан 7 бірдей мемлекеттік қызметкер қатаң сөгіс алды.

Назымбек Бекжанов ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Жаңа жылдың алдында шыққан себебіміз - біреуді ұстау мақсатында емес, мемлекеттік қызметкерлерді жамандықтан қорғау мақсатында. Арақ ішіп, бірдеңеге ұрынып қалмасын деп. Соның нәтижесінде 2 факт тіркелді.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу