Басты Жаңалықтар Батыс Қазақстан облысы бойынша 29 колледжде кемшіліктер анықталды

Батыс Қазақстан облысы бойынша 29 колледжде кемшіліктер анықталды

Атап айқанда, өңірдегі 6 колледжде студенттерге арналған жатақхана жоқ. Бұл мемлекеттік тапсырыс алу шартына қайшы. Ал, Ақсай техникалық колледжінде 116 тұлғаны құжатқа жалған тіркеп, студенттер саны қолдан көбейтілген. Бұған бюджеттен 3 млн. теңге заңсыз қаражат алынған. Сондай-ақ, Теректі колледжінің студенті әрі жұмыс істеп, әрі шәкіртақы алып отырған. Ол аз дегендей, жұмысқа орналасқан түлектер саны шындыққа сай болмай шықты. Көрсеткіш жасанды түрде арттырылған. Жалпы, прокурорлық тексеріс нәтижесінде бюджетке 8 млн-нан астам теңге қаражат қайтарылды. 72 тұлға жауапкершілікке тартылды.

Бауыржан Ахметжан, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Сабаққа қатыспай, әр жерде жұмыс жасаған студенттерге шәкіртақы төлеу фактілері Бөкейорда, Жалпақтал, Қаратөбе, Теректі, Сырым және Шыңғырлау аудандарының колледждерінде анықталды. Жалпақтал ауданының колледжінде 2017 жылы жұмысқа орналасу көрсеткіші 92% құраған. Тексеріс көрсеткіштің іс жүзінде 48% екендігін көрсетті, өйткені, 41 студент жұмысқа орналасу туралы жасанды мәлімет тапсырған.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу