Басты Жаңалықтар «Әзірет Сұлтан» мешітінде діни ақпарат беру бөлмесі мен Саll орталығы ашылды

«Әзірет Сұлтан» мешітінде діни ақпарат беру бөлмесі мен Саll орталығы ашылды

Астаналық тұрғындардың назарына. Егер Сіз қандайда бір қиын жағдайға тап болсаңыз, жаныңыз күйзеліп жүрсе, қаладағы мешіттерге барып ақыл-кеңес алуыңызға болады. Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде діни ақпарат беру бөлмесі мен Саll орталығы ашылды. Ол жерде имамдар басына түскен ауыртпалықты көтере алмай, күйзеліске түскен жандарға бағыт-бағдар беріп, оларды сабырға келтіреді. Сондай-ақ, отбасында болған кикілжіңдер кезінде дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін болады. Ал, Саll орталыққа 33-30-30 нөмірі арқылы қоңырау шалуыңызға болады. Ол жерде 60 діни қызметкер 24 сағат бойы үзіліссіз жұмыс істейді. Олар хабарласқандардың сұрағына жауап беріп, ақыл-кеңестерін береді.

Тағы бір жаңалық, елорданың 10 мешітінде садақа терминалдары орнатылды.  

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу