Шекарадан өту тәртібі реттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекарадан өту тәртібі реттеледі

09.01.2019

Мәжіліс депутаттары ТМД елдерінің терроризмге және экстремизмге қарсы ынтымақтастығы туралы келісімді мақұлдады. Сондай-ақ, төменгі палата депутаттары қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді мақұлдады. Күніне екі елдің шекарасынан 18 мың адам, 600 көлік өтеді. Өткізу пункттерінің әлеуеті жеткіліксіз. Норма бойынша 1 адам 3 минут, жеңіл көлік – 15 минутта өтуі тиіс, іс жүзінде азаматтар ұзынсонар кезекте тұруға мәжбүр. Соңғы 20 жылда көрсеткіш 8 есеге өскен. Жаңа құжаттың күшіне енуі қос ел шекарасындағы ережені бекітуге, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, көлікпен шекарадан өту және жүктерді қадағалау тәртібі қарастырылады. Құжат қаржылық шығынды талап етпейді.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу