Қыс қызығына тоймай ойнайтын балалық шақ. Елордада балалардың қысқы демалысын көңілді өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Күн ұзақ теледидар мен телефонға телміріп отыра бермей, күнін таза ауада көңілді өткізуге болады. Қаланың барлық ауданында мұз қалашықтары мен сырғанақтар салынған. Мәселен, ботаникалық бақта мұз қалашығы шығыс ертегілері стилінде салынған. Хан сарайы, Жібек жолы сауда орындары, көне қалалар сызбасы, киіз үй де бар. Сондай-ақ, медициналық көмек, жылыну, тамақтану орындары да қарастырылған. Демалыс орнына әдейілеп басқа қалалардан балаларымен қыдыруға келетіндер де бар екен.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.