«7-20-25» бағдарламасы бойынша өткен жылы кей өңірлерде несие берілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«7-20-25» бағдарламасы бойынша өткен жылы кей өңірлерде несие берілмеген

04.01.2019

Президент әкімдердің жұмысын «7-20-25» бағдарламасының нәтижесіне қарай бағалайтынын айтқан болатын.

Баспана компаниясының мәліметінше, «7-20-25» бағдарламасы арқылы өткен жылы 3153 несие берілген. Өңірлер арасында Астана мен Алматы көш басында. Елордада 1014, Алматыда 787 несие рәсімделген. Шығыс Қазақстан облысында 216 несие, Маңғыстау облысында 214 ипотека берілген. Ақмола мен Ақтөбе және Атырау облыстарында да 100-ден астам жеңілдетілген несие берілген. Ал, Түркістан облысында «7-20- 25» бағдарламасымен бірде-бір баспана рәсімделмесе, Солтүстік Қазақстан облысында небәрі екі несие берілген. Қызылорда мен Павлодар облыстарында да 26 немесе 25 ипотека ғана рәсімделген.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу