Жаңа жылдан бастап ана тіліміздегі кинолар прайм-таймға қойылады
Сұхбат барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Кино туралы заң» аясында салаға жаңаша леп әкелетін бірталай жаңалықтар мен өзгерістер болатынын айтып өтті. Соның ішінде жаңа жылдан бастап қазақстандықтар қазақ тіліндегі отандық киноларды кешкі ыңғайлы уақытта тамашалай алады. Ал, шетелдік фильмдер қазақша субтитрлармен беріледі. Қаңтардың басынан күшіне енетін заң кинотеатрлардың қожайындарына да тиімді болмақ. Ұлттық фильмдерді прайм-таймға қойғаны үшін олар 12% салықтан босатылады. Осы орайда, жақында ғана кинотеатрларға барып, қазақ тіліндегі туындылардың тек қолайсыз уақыттарға қойылғанын анықтаған азаматтар кинотеатрлардың басшыларын сынға алып, әлеуметтік желіде петиция жариялағанын еске сала кетейік.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
- 12 пайыз салықтан босатылған соң, әрине, қаражат салу тиімді болады. Көп азаматтар кино саласына қаражат сала бастайды. Кино көп болса, сапасы да жоғары болады.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
