Елордада биылғы тексерістер нәтижесінде дүкендер мен базарларда саудаға қойылған 173 ойыншық түрі талапқа сай болмай шыққан. Нәтижесінде сатушыларға 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. 150 келі тауар жойылған. Сондай-ақ, 8 сауда орнының қызметі уақытша тоқтатылды. Мамандар көбіне бала денсаулығына қауіпті ойыншықтар сол баяғы Қытайдан келеді дейді. Олардың үлесі 97 пайыз. Бұл көрсеткіштер одан да көп болуы мүмкін. Алайда, тексерістерді жиі өткізуге заңмен шектеу қойылған. Ал тұрғындар арыз-шағым жазуға аса ынталы емес.
Қарлығаш Абдишева, Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім меңгерушісі:
- Егер де бұрын сауда орындары жылына екі рет тексерістен өтіп тұрса, қазір біз тек сатып алып, мониторинг жүргізіп, соның нәтижесі бойынша ғана тексере аламыз.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.