Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
Бүгін Астанада Республика күні мен Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтіп жатыр. Еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған медицина саласының өкілдері бас қосып, үздік дәрігерлер марапатталды. Салтанатты жиынға тілшіміз де қатысты.
Ақниет Балтанова, тілші:
Жиында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова саланың негізгі жетістіктеріне тоқталды. Мәселен Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетіп, тарихи рекорд орнатты. Қазір жанымда жаңа ғана кеудесіне медаль таққан дәрігер-реабитолог тұр. Заря Төлеутайқызы, Марапатыңыз құтты болсын! Көңіл-күйіңіз қалай?
Заря Төлеутайқызы, Қарағанды облыстық балалар ауруханасының дәрігер-реабилитологы, «Құрмет» орденінің иегері:
Ақниет Балтанова, тілші:
Айтып өтейін, Қазақстанда 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді. Бүгінгідей еңбектің бағалануы – әр маманды шабыттандыратыны сөзсіз! Барша көрерменді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы