Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
Республика күні қарсаңында және Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай еліміздің Бельгиядағы елшісі Роман Василенко осы мемлекеттегі қазақстандық студенттермен кездесті. Елші жастармен экономиканы, жасанды интеллекті дамыту мәселелері бойынша пікір алмасып, Король Филиптің Қазақстанға мемлекеттік сапарының қорындысымен бөлісті. Айтуынша, сапар аясында бельгиялық университеттермен 22 келісімге қол қойылған. Құжат аясында аса маңызды шикізат материалдары, математикалық модельдеу мен жасанды интеллект саласында ортақ жобалар жүзеге асырылмақ. Елші жастарды сол ғылыми жобаларға белсене қатысуға шақырды. Студенттер де елді көркейтуге бағытталған ой-пікірлерін ортаға салды.
Амира Болат, Гент университетінің 3-курс студенті:
Қазақстанда қазір психология мамандығы жаңа жаңа дамып жатыр. Ал мен шетелде білім алып, осы білімді біздің келешек студенттерге бергім келеді.
Назгүл Нұрғали, «Qazaq society» студенттер қауымдастығының президенті:
Біз елшілікпен бірге эссе байқауын өткізейін деп жатырмыз. Осы байқаудың басты мақсаты-ол студенттерден идеяларды алып, бір-бірімен бөлісу. Эссе байқауының тақырыптары Қазақстан мен Бельгияның арасындағы қарым қатынасты қалай нығайтуға болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы