Жер қатынастарында бірқатар мәселелер бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер қатынастарында бірқатар мәселелер бар

20.12.2018

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өңірлерде ұйымдастырған жиындарда олардың бірқатары шешімін тапты. Мәселен, Атырауда 227, Семейде 3 мыңнан астам адам жер кезегінен шығып қалған. Зерттей келе оған 10 жылдай бұрын тіркеу жүргізілген құжаттың жоғалып кетуі себеп болғаны анықталды. Осындай сипаттағы себептер өзге де өңірлерде бар. Қазір Қазақстанда 1 миллион 200 мыңнан астам азамат жер алу үшін кезекте тұр. Бірақ, үлестіріліп жатқан телімдер саны өте аз. Қазір осы мәселені шешу үшін арнайы ұсыныстар енгізіліп жатыр.

Бақытжан Базарбек, заңгер:

- Инженерлік алқаптар берілуі тиіс. Инженерлік әзірленген алқаптар кемінде су жүйесі және электр жүйесімен қамтылуы тиіс. Ал, ол бюджеттік ақшаны қажет етеді. Сондықтан да, 1 млн. 200 мың адамның әп-сәтте мұң-мұқтажын қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз жоқ.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу