«Самұрық-Қазына» мен Назарбаев университеті өзара байланыс туралы меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» мен Назарбаев университеті өзара байланыс туралы меморандумға қол қойды

19.12.2018

«Самұрық-Қазына» мен Назарбаев университеті тығыз байланыста жұмыс істемек. Бүгін қос мекеме әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Осылайша, еліміздің ірі ұлттық компанияларының басын біріктірген қор оқу ордасының ең үздік жастарын өз қатарына қосуды көздейді. Сондай-ақ, бірлесіп ғылыми жобаларды жүзеге асырмақ ниетте. Биыл «Самұрық-Қазына» дарынды жастарды іріктеуге арналған «цифрлық жаз» бағдарламасын өткізген. Нәтижесінде 33 маман өздерінің біліктілігін дәлелдеп, қазіргі таңда компанияда жұмыс істеп жатыр. Олардың екеуі Назарбаев университетінің түлектері. 

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

- Меморандумға қол қоюдың негізгі мақсаты - біздің ұлттық компаниялар мен Назарбаев университетінің әлеуетін тиімді пайданалып, нәтижелі жұмыс атқару. Университеттің студенттері мен түлектеріне тағылымдамаларды ұйымдастыру көзделіп отыр. Осылайша, жас өрендеріміз жұмыс барысын өз көздерімен көріп, тәжірибе жинақтауына мүмкіндік туады. Біздің өзара әріптестігіміз маңызды деп есептеймін. Өйткені, Назарбаев Университеті мен «Самұрық-Қазына» Қазақстанның білім және экономика саласының көшбасшылары деп айтуға болады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу