2018 жыл - ел тарихында делимитациялау мәселесін түбегейлі шешкен жыл болып қалды
Сан ғасыр азаттықты, елдікті аңсаған қазақ халқы бүгінгі таңда Тәуелсіздіктің, бейбіт өмірдің шұғылалы ақ таңымен оянуда. 27 жыл ішінде егемен еліміз ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге қол жеткізді. Төл теңгені айналымға енгізіп, ядролық қарудан бас тартты. Тәуелсіздіктің арқасында арқа төсінде жаңа елорда бой көтеріп, шетте жүрген миллондаған қандасымыз туған жерге оралды. ЭКСПО, Универсиада секілді әлемдік шаралар қазақ топырағында алғаш рет өтті. Ұлттық мәдени мұрамыз бен тілімізге үлкен көңіл бөлінуде. Мұның барлығы да Тәуелсіздіктің жемісі.
Ал, 2018 жыл - ел тарихында шекараны делимитациялау мәселесін түбегейлі шешкен жыл болып алтын әріптермен жазылады. Осы жылдың көктемінде үш мемлекет - Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстанның түйісу нүктесі туралы шартқа қол қойылды. Ал, Ақтауда алып айдынды жағалай жатқан бес мемлекет Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтайтын Конвенцияны бекітті. 20 жылға жалғасқан келіссөздер өз нәтижесін берді. Сөйтіп, ең күрделі деген шекара мәселесін ши шығармай шешкен Елбасының кемел саясаткерлігінің арқасында Қазақстан ТМД кеңістігінде құрлықта да, суда да мемлекеттік шекарасын заңды түрде шегендеген бірден-бір елге айналды.
Әлемдік аренадағы саяси салмағы жыл санап артып келе жатқан Қазақстан Орталық Азия елдері арасында бірінші болып Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етті. Өзін халықаралық үрдістердің белді қатысушысы және бітімгері ретінде танытқан мемлекетіміз маңызды міндетті абыроймен атқарып шықты.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
