Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі мұнай-газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеп жатыр. Бұл жайында Астанада өткен мұнай-газ секторы мәселелері жөніндегі салалық кеңесте белгілі болды. Оған депутаттардан бөлек Ұлттық экономика және Энергетика министрлігінен, Ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Партияның сайлауалды бағдарламасында мұнай-газ саласында 1 миллион тұрақты жұмыс орнын құру міндеті көзделген. Жиында зертхана жетіспеушілігі, салық шарттарын теңестіру және отандық өндірушілерді қолдау жөнінде ұсыныстар айтылды. Қозғалған тақырыптар мен мәселелер Құрылтайда қарау үшін іскерлік кеңестің жұмыс жоспарына енгізілді.
Эльдар Жұмағазиев, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары:
Кеңес төрағасы Серік Аманғалеев ел ішіндегі құндылықты арттыру жөніндегі кешенді жоспар әзірлеуді ұсынды. Ол мұнай мен конденсат өндірудің 8,3%-ға төмендеуі аясында болашақ газ-химия жобалары мен жаңғыртылып жатқан мұнай өңдеу зауыттарының тапсырыстарын ішкі нарыққа бағдарлау отандық өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін басты мүмкіндік саналатынын атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы