Елімізде жыл сайын 3 мыңнан астам адам жол апатынан қаза табады

19.11.2018

Ал, 30 мыңнан астам адам жарақат алады. Бұл - басқа елдермен салыстырғанда, өте жоғары көрсеткіш.

Алматыда өткен ауқымды жиында сарапшылар осыны айтты. Мамандардың сөзінше, бізден жер көлемі де, халқының саны да көп Ресейде жылына 100 мың адамнан 20 адам жолда қаза табады. Ал, Қазақстанда 24 адам ажал құшады. Көптеген жол апаты Алматы-Астана тас жолында тіркеледі. Мұның басты себебі – аталған жолдың сапасының нашарлығы. Сондай-ақ, жол тар болғандықтан, қарсы бағытқа шығып кететін жүргізушілер де аз емес.

Алексей Алексеев, «Ортақ жол» жол қозғалысының қауіпсіздігі қауымдастығының бас хатшысы:

-Біз арнайы тексеріс жасап, апаттың басты себептерін анықтауға тырыстық. Сонда байқағанымыз - жолдағы көптеген белгілер халықаралық талаптарға сай келмейді. Уақытша белгілердің өзі есепсіз, қалай болса солай қойылған. Жүргізушілерге ыңғайлы жағдай жасалмаған. Сондықтан, олар жол ережесін бұзады. Ал, оның арты апатқа алып келіп жатыр.

Амангелді СЕЙІТХАН

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу