Елімізде жыл басынан бері жол апатынан 70-тен астам бала көз жұмды
Елімізде жыл басынан бері жол апатынан 70-тен аса бала қаза тапқан. Ішкі істер министрлігі осындай ақпарат таратты. Жалпы, мыңнан аса жол-көлік оқиғасынан балалар зардап шеккен. Соның салдарынан мың жарымға жуық жасөспірім жарақат алған. Ведомство өкілдері ата-аналарды балаларына жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, қайғылы жағдайлардың алдын алуға шақырды. Сондай-ақ, өткен жарты жылдың есебі бойынша 6 мыңнан астам адам жол-көлік апатынан жарақат алған. Көз жұмғандар саны мыңға жуық. Жол-көлік оқиғасының көбіне жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін бұзуы себеп. 95 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Ата заңның мәтіні мен мәні сарапталып жатыр
14.02.2026, 12:23
Қазақстанда саяси билік институттары жетілдіріліп жатыр
14.02.2026, 12:13
Жаңа Конституция жобасы: Халық - егемендік иесі
14.02.2026, 12:12
Жаңа Конституция жобасы ел дамуына серпін береді
14.02.2026, 12:12
10 мыңнан астам азаматтың өтініші ескерілді
14.02.2026, 12:11
100-ге жуық спикер жаңа Ата заң жобасын талқылап жатыр
14.02.2026, 12:10
«Референдум–2026» онлайн-марафоны басталды
14.02.2026, 12:09
Президент Михаил Шайдоровты қысқы олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады
14.02.2026, 12:08