Елімізде 1 жылда 200 бала жол апатынан қаза тапқан

15.11.2019

Елімізде жыл басынан бері 200-ге жуық бала жол апатынан қаза тапқан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің өкілі Ақтоты Боранова айтты.

Оның сөзінше, жол-көлік оқиғаларының 96 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болады. Ал, 4 пайызына жаяу жүргіншілердің қатысы бар. Мамандар жол ережесін сақтамайтын балалар мен жасөспірімдер көп екендігін айтады. Сондай түрлі себептердің салдарынан биыл 5476 оқыс оқиға болып, 5 мыңнан астам адам жарақат алған. 580 адам қаза болған. Сондықтан көлікпен жүргенде, көшеден өткенде абай болуға шақырады. Өйткені еліміз тәуелсіздік алған 28 жылда 83 мың адам жол апатынан қайтыс болыпты.

Амангелді СЕЙТХАН


Хабарламаларға жазылу