Ақтөбеде «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесі ашылды

14.11.2018

Өңір тұрғындары Елбасының өмір жолы мен тәуелсіз еліміздің даму жолына қатысты құнды экспонаттарды қала орталығында жаңадан бой көтерген тарихи-өлкетану мұражайынан тамашалай алады.

Шаһарда өткен ауқымды шараларға ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков арнайы келіп қатысты. Алдымен Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. Білім ордасында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» оқу залы ашылды.  Махмұд Қасымбеков университетке Елбасы кітапханасының 350-ден астам кітабын сыйға тартты. 

Махмұд Қасымбеков, ҚР Президенті кеңсесінің бастығы:

- Арнайы келдім. Табыстарыңызды естіп жатырмын. Елбасы қойған үлкен міндеттердің бірі студенттердің жатақханасы мәселесін шешу еді, сол мәселені университет шешкен екен. Осының бәрі қуантады.

Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесі былтыр қараша айында Алматыға апарылса, биыл Түркістан, Атырау облыстарына жеткізіллі. Көрмені осы күнге дейін 350 мыңнан астам адам тамашалаған. Ал, Ақтөбеге толықтырылып әкелінген. Ол келер жылдың қаңтар айының соңына дейін жұмыс істейді. Шара аясында облыс бойынша көшпелі экскурсиялар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Күләйша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

- Осы көрменің аясында біраз іс-шаралар өткізетін боламыз. 

 

Жақсылық КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу