Ақтөбеде Елбасы кітапханасының «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмесі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде Елбасы кітапханасының «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмесі аяқталды

18.01.2019

Екі ай ішінде көрмені 100 мыңнан аса адам тамашалапты. Өңір тұрғындары Президенттің өмір жолы мен Тәуелсіз еліміздің дамуына қатысты құнды экспонаттарды қала орталығынан жаңадан бой көтерген тарихи-өлкетану мұражайында тамашалады. Көшпелі көрмеге Елбасы кітапханасының мұрағат, кітап және мұражай қорларынан алынған мыңнан астам жәдігер қойылған. Келушілер арасында шетелдіктер де болды. Ауқымды шара аясында ғылыми, мәдени конференциялар және көшпелі экскурсиялар ұйымдастырылды. Мамандар бұл көрменің өткізілуі өңірдің мәдени өміріне ерекше серпіліс бергенін атап өтті. Шараның жабылу салтанатында облыс басшылығы ұйымдастырушыларға өңір халқының атынан алғыс білдірді.

Күлайша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

- Алғаш рет Ақтөбе өңірінде өткізілген шаралардың нәтижелерін көпшілікке жария етіп жатыр. Мақсатымыз – Елбасының жеке қорының бай ресурстарын көпшілікке жария ету, қызығушылық таныту.

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу