Ақтөбеде «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмеге 1000-нан астам жәдігер қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмеге 1000-нан астам жәдігер қойылды

21.01.2019

Ақтөбеде Елбасы кітапханасының  «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмесі мәресіне жетті. Екі ай ішінде көрмені 100 мыңнан аса адам тамашалапты. Өңір тұрғындары Президенттің өмір жолы мен Тәуелсіз еліміздің дамуына қатысты құнды экспонаттарды қала орталығынан жаңадан бой көтерген тарихи-өлкетану мұражайында  тамашалады.

Көшпелі көрмеге Елбасы кітапханасының мұрағат, кітап және мұражай қорларынан алынған 1000-нан астам жәдігер қойылған. Келушілер арасында шетелдіктер де болды. Ауқымды шара аясында ғылыми, мәдени конференциялар және көшпелі экскурсиялар ұйымдастырылды.

Мамандар бұл көрменің өткізілуі өңірдің мәдени өміріне ерекше серпіліс бергенін атап өтті. Шараның жабылу салтанатында облыс басшылығы ұйымдастырушыларға өңір халқының атынан алғыс білдірді. 

Күлайша  Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

Алғаш рет Ақтөбе өңірінде осы шаралардың нәтижелерін көпшілікке жария етіп жатыр. Өйткені, оның қорытындысын жоба аяқталғаннан кейін жасаймыз деп жоспарлап отырғанбыз-ды. Бірінші  мақсатымыз Елбасының жеке қорының бай ресурстарын көпшілікке жария ету, қызығушылық таныту.

Бекарыстан Мырзабаев,  облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері:

Қонақтарға ерекше ұнаған нәрсе, ықыласпен сұраған дүниесі Әбіш атамыздың отбасына арналған, этнографиялық көрме сияқты қазақы ауылды сипаттаған дүниесі болды. Сосын ағылшын ханшайымының сыйға тартқан дүниелеріне ерекше ықылас білдірді деп айтуға болады.  

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу