Тұңғыш Президент-Елбасы кітапханасы «Қазақстан-Япония ядролық қарусыз әлем» атты көрме өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш Президент-Елбасы кітапханасы «Қазақстан-Япония ядролық қарусыз әлем» атты көрме өткізді

19.09.2019

Бүгін Токиода Елбасы кітапханасының қор көрмесі ашылды. Бастама «Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол» көшпелі ғылыми-экспозициялық жоба аясында жүзеге асуда. Елбасының ядролық қарудан азат әлем құру жөніндегі бастамасы Семей ядролық сынақ полигоны жабылғаннан кейін алғаш рет шет мемлекетте көпшілікке ұсынылып отыр. Көрмеде тұжырымдаманың бастауы мен мазмұны толық көлемде ұсынылған. Музейлік, архивтік және кітап материалдары негізінде ядролық қарусыздану және жаһандық қауіпсіздік жүйесін құру мен дамытудың қағидаттарын жасақтаған Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық ауқымды тұлғасы көрсетілген. Көрмеге 350-ден астам экспонат пен архивтік құжаттар, фото және бейнематериалдар қойылды.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу