Басты Жаңалықтар Еліміздің өнертапқыш жастары мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған туындыларын ұсынды

Еліміздің өнертапқыш жастары мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған туындыларын ұсынды

«Ақылды таяқша», «Зағип жандар үшін түстерді тану», «Сигнал тарату құралы», «Қарашық камерасы», «баспалдақпен көтеру қондырғысы» сияқты жаңа прототиптер, кембағал жандардың күнделікті өмір жағдайын оңалтып, бейімдейді. Сондай-ақ, өнер туындылары шетелдік өнімнен әлдеқайда арзан. Мысалы, ақтаулық студенттер 3 түрлі қызмет көрсететін «Ақылды таяқша» жобасын ұсынды. Алюминийден жасалған таяқша джи-пи-эс арқылы бағытты анықтайды. Қауіп төнсе, жақын адамға телефон шалады. Құны 35 мың теңге. Ал, 1 функциялы осыған ұқсас таяқша Үндістанда 350 мың теңге тұрады. Ақтауда өткен «Мейкатон» республикалық жарысына 7 жоба ұсынылды. Шараға Қарағанды мен Алматыдан және Ресейдің Астрахан қаласының жастары қатысты.   

Никита Осокин, қатысушы:

- Бізде Ресейде мұндай жобалар жоқ. Сондықтан, Қазақстандағы «Мейкатон» жарысына қатысып отырмыз. Бәсекелестеріміздің бәрі де мықты. Біз ойлап тапқан маяктар зағип жандардың көп мәселесін шешеді деп ойлаймыз.

Руслан Райбатов:

- Мүмкіндігі шектеулі жан ретінде маған баспалдақ пен креслоға арналған датчиктер ұнады. Жалпы, барлық өнертабыстар жақсы деп айтуға болады. Енді осыны қабылдап, мемлекет қаржыландырып, сатылымға шығарса, әрі арзан, әрі тиімді болар еді.

 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу