Олар малдың мойнына жарыққа шағылысатын таспа тағуды ұсынып отыр. Түпқараған ауданының шаруалары бұл бастаманы қолдап, төрт түлікке тегіс таспа таға бастаған. Айтуларынша, жарыққа шағылысатын белдік тағылған мал түнде 200-300 метрден анық көрінеді. Ал, бұл апаттың алдын алуға көмектеседі. Жыл басынан бері өңірде төрт түліктің жол үстіне шығып кетуі салдарынан 14 жол көлік оқиғасы болып, 2 адам қаза тапқан. Тағы 15 адам зардап шекті. Малға таспа тағуды тіпті аудан әкімдігі барлық шаруаларға міндеттеп жатыр. Көлік жүргізушілері де қолдап отыр.
Уәли Көшербаев, шаруа қожалығының иесі:
- Көбіне жылқыны қағады. Малдан гөрі адам өмірі қымбат қой.
Бақтыбай Кенжебеков, көлік жүргізуші:
- Малшыларға айтып, осыны тақтырса, жақсы болады. Жан аман болғанын қалаймыз.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.