Басты Жаңалықтар Қостанай облысында жалақы өсіп жатыр

Қостанай облысында жалақы өсіп жатыр

Қостанай облысында жекеменшік кәсіпорындарда жұмыс істейтін адамдардың жалақысы кемі 50-60 мың теңгеге дейін өсті. Бұл туралы бүгін өңір басшысы Архимед Мұхамбет өңірдің соңғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын жариялау барысында мәлімдеді. Айтуынша, аймақта Елбасының Жолдауда айтқан жалақыны көтеру тапсырмасы тыңғылықты орындалып жатыр. Мемлекеттік мекемелерді былай қойғанда, жекеменшік кәсіпорындар өз жұмысшыларына еңбекақыны еселеп өсіруде. Аз уақыттың ішінде 200-ден астам ірі кәсіпорындағы 36 мың жұмыскердің төмен жалақысы көтерілген. Қалған меншік иелері айлықты келер жылдың 1-қаңтарынан бастап өсірмек.  

Архимед Мұхамбет, Қостанай облысының әкімі:

- «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы, «Сарыарқа АтомПром агромашхолдинг», Сүт өндіру зауытында және басқаларында төмен жалақы жоқ. Бірақ, Елбасының бастамасын қолдап, 1 қаңтардан 10-20 пайызға көбейтіп отыр.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу