Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев Ақтау қалалық сотының шешімімен 2 айға қамалды. Жоғары мемлекеттік қызметтегі шенеунікке аса ауыр көлемде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айып тағылды. Лауазымды тұлғаны 3 қараша күні кешкі сағат алтыларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері Ақтау халықаралық әужайы аумағынан ұстады. Тексеру кезінде одан 115000 еуро көлемінде ақша тәркіленді. Шенеуніктің бұл қызметке келгеніне 11 ай ғана болған.
Гаухар Нұрханова, Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы:
- Ақтау қалалық тергеу сотының 5 қараша 2018 жылғы қаулысымен Серік Аманғалиевті 2 айға қамауға алуға санкция берілді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігімен аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен, сотқа дейінгі алдын ала тергеу ісі жүргізілуде.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.