Басты Жаңалықтар 2020 жылы БҚО цифрлы хабар таратуға көшеді

2020 жылы БҚО цифрлы хабар таратуға көшеді

Екі жылдан соң Батыс Қазақстан облысы цифрлы хабар таратуға көшеді. БАҚ өкілдерімен кездескен Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мәуберлинова осылай деді. Жолдау жүктеген міндеттерді насихаттай келген министрдің орынбасары сандық жүйеге қосылған жобалармен де танысты. Мәселен, қалалық әкімдікте тұрғындарға электронды түрде қызмет көрсетіледі. Мамандар күніне 200-дей адамды қабылдайды. Жалпы, елімізде мемлекеттік қызметтің 80 пайызы электронды форматқа көшкен. Цифрлы хабар тарату, сапалы интернетке қосылу да кезең-кезеңмен жүзеге аспақ.

Нұргүл Мәуберлинова, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары:

- Батыс Қазақстан цифрлы хабар таратуға 2020 жылы көшеді. Келесі жылы инфрақұрылым құрылысы басталады. Бұл облыс орталығында - 30 және аудандарда 15 телеарнаның қосылуына мүмкіндік береді. Ал, 2021 жылы облыс бойынша 92 ауыл сапалы интернетпен қамтамасыз етілді.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу