«Әділет» партиясы Cеулде Қазақстандағы құқықтық реформаларды таныстырды
Қазақстандағы саяси және құқықтық реформалар халықаралық деңгейде таныстырылды. Сеулде өткен Азия саяси партиялары халықаралық конференциясының XIII Бас ассамблеясына «Әділет» партиясының делегациясы қатысты. Жиында 36 елдің 83 саяси партиясының өкілдері, халықаралық қауіпсіздік, заң үстемдігі және демократиялық институттарды дамыту мәселелерін талқылады. Қазақстан атынан сөз сөйлеген партия өкілдері конституциялық реформалар мен жасанды интеллектіні заңнамалық реттеу тәжірибесімен бөлісті.
Нұрсұлтан Байтілесов, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары:
Қазақстан әрқашан бейбітшілік, тұрақтылық және сындарлы диалог ұстанып келеді. Біздің басты мақсатымыз – елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың тәжірибесімен бөлісу және халықаралық әріптестікті нығайту, Қазақстанның мүддесін халықаралық деңгейде ілгерілету.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы