Басты Жаңалықтар Білімді ұрпақ тәрбиелеу – басты міндет

Білімді ұрпақ тәрбиелеу – басты міндет

Қазақстанда 8 мыңнан астам мектеп бар. 4 млннан астам  оқушы білім алып жүр. Мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, жаңа білім ошақтарын салу, заманауи технологияларды енгізу және білікті педагогтермен қамтамасыз ету – басты мақсаттардың бірі. Қуатты елге айналу үшін білімді ұрпақ керек. Ел Президенті «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» кітабында «Әрбір баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің міндеті» деп атап өткен еді. Петропавлдық педагог Серік Қабжан сала маманы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеті орындалып жатқанын атап өтті.

Серік Қабжан, мұғалім:

Білім саласындағы басты мақсат – әрбір баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Ресбулика бойынша 2025-ші жылы 162 жаңа заманауи мектеп салынды. Білімді, саналы ұрпақ тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы.

Бөлісу