Студенттерді тұрғылықты жеріне тіркеу тәртібі жеңілдеуі мүмкін
Алматыда студенттерді тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібі жеңілдеуі мүмкін. Сол үшін қала әкімдігі қазіргі талапты өзгертуді ұсынып отыр. Бүгінде Алматыда бір адамды тіркеу үшін пәтердің әр тұрғынына кемінде 15 шаршы метр есептеледі. Ал жаңа жоба бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерді бұл шектеуден тыс тіркеуге рұқсат берілмек. Яғни, пәтердің аумағы белгіленген талапқа сай болмаса да, студенттер оқу кезеңінде қалада заңды түрде тіркеле алады. Бұл өзгеріс басқа өңірлерден Алматыға оқуға келген жастарға қатысты. Әзірге құжат – қоғамдық талқылауда. Одан кейін Мәслихат депутаттарының қарауына ұсынылады.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру шамдары жағылды
10.11.2026, 10:15
Білімді ұрпақ тәрбиелеу – басты міндет
10.11.2026, 10:10
570 орындық көпбейінді аурухана салынып жатыр
10.11.2026, 10:08
Қазақстан – өмір сүру және бизнес үшін қолайлы топ-50 елдің қатарында
10.11.2026, 10:05
«Әділет» партиясы Cеулде Қазақстандағы құқықтық реформаларды таныстырды
10.11.2026, 10:04
Жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
10.11.2026, 10:03
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін
10.11.2026, 10:02
Үкіметте дайындық пысықталды
10.11.2026, 10:00