Басты Жаңалықтар Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін

Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін

Енді тұрғын үйлерді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізілмек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, жаңа жүйе жер сілкінісі, су тасқыны мен орман өртінен зардап шеккен азаматтардың шығынын өтеуге бағытталған. Жоба алдымен үш облыста пилоттық режимде іске қосылып, кейін апат қаупі жоғары 16 облысқа кезең-кезеңімен енгізілмек. Бұл бастама 2026-2030 жылдарға арналған сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасына енгізілген. Мақсат – табиғи апат салдарынан баспанасынан айырылған азаматтарға қаржылық қолдау көрсету.

Бөлісу