570 орындық көпбейінді аурухана салынып жатыр
Түркістанда көпбейінді аурухананың құрылысы жүріп жатыр. 570 орындық медициналық нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарының басым бөлігі аяқталуға жақын. 15,6 гектар аумақты алып жатқан аурухананы салуға 300-ден астам адам жұмылдырылған. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталатын нысанның құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Ал келер жылы медициналық мекемеге қажетті құрал жабдықтар жеткізіледі. Жаңа аурухана іске қосылғаннан кейін өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі артып, күрделі медициналық қызметтерді жергілікті жерде алу мүмкіндігі кеңейеді. Сонымен бірге заманауи диагностика мен емдеу қызметтерін дамытуға жағдай жасалмақ.
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру шамдары жағылды
10.11.2026, 10:15
Білімді ұрпақ тәрбиелеу – басты міндет
10.11.2026, 10:10
Студенттерді тұрғылықты жеріне тіркеу тәртібі жеңілдеуі мүмкін
10.11.2026, 10:09
Қазақстан – өмір сүру және бизнес үшін қолайлы топ-50 елдің қатарында
10.11.2026, 10:05
«Әділет» партиясы Cеулде Қазақстандағы құқықтық реформаларды таныстырды
10.11.2026, 10:04
Жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
10.11.2026, 10:03
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін
10.11.2026, 10:02
Үкіметте дайындық пысықталды
10.11.2026, 10:00