ШҚО-да соя алқаптары көбейді
Шығыс Қазақстан облысының шаруалары соя өсіруге мықтап кірісті. Олардың айтуынша, бұл дақылдың пайдасы мол. Сондықтан, өткен жылмен салыстырғанда биыл екі есе көп еккен. Былтыр облыс бойынша соя 4,5 мың гектарға егілсе, биыл майлы дақыл 11 мың гектар аумақты алып тұр. Негізінен соя бизнесін Бесқарағай, Зайсан және Тарбағатай ауданының шаруалары қолға алған. Майбұршақ өсірудің ұтымды екеніне көз жеткізген кәсіпкердің бірі Болатбек Мизамхан. Зайсан ауданының Жарсу ауылында тұратын шаруа бастапқыда 30 гектар жерге тек картоп, жоңышқа шөбін еккен. Ал, бүгінде ол 250 гектар жерді өңдеп, онда соя егіп қойған. Биыл жаңа техника алып, алдағы уақытта сояның егістік алқаптарын әлі де көбейтпек. Пайдасы мол дақылды өсіру Болатбек Мизамхан үшін отбасылық кәсіпке айналған. Бүгінде шағын шаруашылығында әулеті түгел еңбек етеді.
Болатбек Мизамхан, шаруа қожалығының басшысы:
- Мұның дәнін сатамыз. Одан кейін, малға сабанын жем-жөп орнына пайдалануға болады. Мәселен, жоңышқа салсаң, оны тек шөп ретінде ғана пайдаланасың. Мұның сабаны бидайдың сабанына қарағанда құнарлы. Мал бордақылайтындар, мал өсіріп жатқан кісілер алады.
Батылбек Қабыл, Жарсу ауылының тұрғыны:
- Биыл жаңа техника алдық, осыны жүргізу менің міндетім. Бұрын да жүргіздім, хабарым бар. Енді бұйырса, алдағы 2-3 күннің ішінде соя оруды бастаймыз.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы