Басты Жаңалықтар Алматыда 90 жасқа дейінгі ата-әжелердің республикалық байқауы өтті

Алматыда 90 жасқа дейінгі ата-әжелердің республикалық байқауы өтті

Қариялар әуелетіп ән шырқап, мың бұралып би де биледі. Қыз-бозбала шағын еске түсірген өнерпаз қарттар шараның арқасында бір жасап қалды. Себебі, олар жас кезінен дағдыланған сүйікті ісін қайта есіне түсіріп, сол өнерімен сынға түсті. Көңілі күйге толы қатысушылар ел жадында ұмыт бола бастаған ән-жырларды қайта жандандырды. Сондықтан, ұйымдастырушылар алдағы уақытта жарыстың ауқымын кеңейтіп, шалғай елді мекендегі көкірегіне көмбе жасырған көне көз ата-әжелерді қатыстырмақшы. Осылайша, байырғы мұраларымызды жинауды көздеп отыр.

Сапар Ахметжанов, қала тұрғыны:

- Жалпы, рухани жаңғыру дегеніміз осы шығар. Себебі, 70-тен асқан шақта мен қайтадан сахнаға шығып жатырмын. Үлкен бір жарысқа түстім. Мен өте қуаныштымын. Бүгінгі конкурске қатысқан қыздар мен жігіттерге керемет бақыт тілеймін. Мынау бастама керемет, әрмен қарай өсіп, халықтың игілігіне пайдаланыла берсін.

 

Нұрлан Асқарұлы

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу