Қазақстан бәсекеге қабілеттілік индексінде 59-орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан бәсекеге қабілеттілік индексінде 59-орында

17.10.2018

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша 59-орында.  Дүниежүзілік экономикалық форумның биылғы есебіне әлемнің 120 мемлекеті кірді. Рейтингте көш бастап тұрғын - АҚШ. Одан кейін Сингапур, Швейцария, Германия да барлық сала бойынша дамыған мемлекеттердің қатарында деп танылды. Қазақстан болса, былтыр да осы 59-орында еді. Бірақ, биыл халықтың әл-ауқатын, жалпы, экономикалық дамуды зерттейтін әдіс өзгертілген. Осы жылдан бастап индекстегі мәліметтерді статистикалық ақпарат арқылы реттеледі. Атап айтсақ, Қазақстанда денсаулық сақтау, қаржылық жүйе, инновациялық әлеует жөнінен ілгері жылжу жоқ екен. Ал еңбек нарығы, бизнестің дамуы жағынан даму көрінеді. Экономистер болса, «республикамыз келер жылдары осы индексте бұдан да жоғары орынға шығады»,- деп отыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу