АҚШ мамандары елімізде мүгедектер арбасын жасау тәсілдерін үйретуде
Америкалық мамандар Қазақстанға келіп, мүгедектер арбасын жасау тәсілдерін үйретіп жатыр. Әр адамның ерекшелігіне байланысты арбаның мүмкіндіктері мен басқарылу тәсілі өзгешеленуі керек. Арнайы семинар-тренингке Қазақстанның барлық облысынан мамандар қатысуда. Тапсырыспен құрастырылатын арбадан бөлек, кей сәтті құрылғыны қайта бейімдеуге де болады. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз жүріп тұруына жол ашады.
Билл Эйблс, «LDS - Charities» компаниясының әлеуметтік жобалар бойынша еріктісі:
- Тренингтен бөлек, біз Қазақстанға кемегімізді ала келдік. 343 мүгедектер арбасын тегін таратпақпыз. Біздің басты мақсатымыз – барлық адамдардың өмір сүру мүмкіндігін теңестіру.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Білімді ұрпақ тәрбиелеу – басты міндет
10.11.2026, 10:10
Студенттерді тұрғылықты жеріне тіркеу тәртібі жеңілдеуі мүмкін
10.11.2026, 10:09
570 орындық көпбейінді аурухана салынып жатыр
10.11.2026, 10:08
Қазақстан – өмір сүру және бизнес үшін қолайлы топ-50 елдің қатарында
10.11.2026, 10:05
«Әділет» партиясы Cеулде Қазақстандағы құқықтық реформаларды таныстырды
10.11.2026, 10:04
Жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
10.11.2026, 10:03
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін
10.11.2026, 10:02
Үкіметте дайындық пысықталды
10.11.2026, 10:00