БҚО-да мұғалімдердің жалақысы 2 жыл бойы қате есептелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да мұғалімдердің жалақысы 2 жыл бойы қате есептелген

16.10.2018

Батыс Қазақстанның Бөкей ордасы ауданында мұғалімдердің жалақысы қате есептеліп келген. Ұстаздарға екі жыл бойы 2,8 млн. теңге қосымша ақы төленбеген. Нақты айтқанда, іссапарға кеткен немесе еңбекке уақытша жарамсыз адамдардың орнын алмастырған оқытушылар ақшадан қағылған. Прокурорлар аудан бойынша 11 мектептің 361 мұғалімінің құқы бұзылғанын анықтады. Қосымша ақы төленіп, ұстаздардың маңдай тер, табанақысын жеп келгендер жазаланды.

Бауыржан Ахметжан, БҚО прокурорының аға көмекшісі:

- Мысалы, Бабажанов атындағы мектептің бастауыш сынып мұғаліміне 12 күн жұмыста уақытша болмаған қызметкерлерді ауыстырғаны үшін 71 мың. теңге қосымша ақы төленбеген. Прокурорлық қадағалау актісімен аудандық Білім беру бөлімінің басшысы мен есепшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу