Шығыс Қазақстан облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді. Осы фактіге қатысты 2 адам ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Алматы қаласының 51 жастағы тұрғыны 200 килограммнан астам марихуана мен 5 килограмм гашишты шығыс өңірінде сатпақ болған. Бұл үшін Өскемендегі танысына хабарласып, заңсыз тауарды бірігіп саудалауды ұсынады. 10 үлкен қорап пен 4 полиэтилен пакетке салынған есірткіні қалаға жеткізіп, гаражға тығып та үлгерген. Осы бойда полицейлер қолына түсті. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Ұсталған екі азамат 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Әйгерім Нұрғазина, облыстық ІІД баспасөз қызметінің хатшысы:
- Осындай аса ірі көлемде есірткі Шығыс Қазақстан облысында 10 жылдың ішінде 1-рет анықталып отыр. Қазіргі уақытта екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.