Батыс Қазақстанда бұзылған ет сауда орындарына таралуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда бұзылған ет сауда орындарына таралуы мүмкін

16.10.2018

Қалалық ветеринарлық қызметтің инспекторы ет сатушылардан пара алып, жалған анықтама беріп келген. Абырой болғанда, жемқор ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз әрекеттің жолы кесілді. Жалпы, жыл басынан бері мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікке заңсыз араласуының 6 дерегі тіркелген. Барлығы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды.

Айдос Жүнісов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары:

- Шенеунік ет сатушы кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша алып келген. Етті тиісті тексеруден өткізбей, зертханалық анықтама берген. Яғни, сауда орындарына санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін, соның ішінде бруцеллезға шалдыққан малдың еті таралуы мүмкін.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу