Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында 120 отбасы баспаналы болды. 60 пәтерлік екі көпқабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған. Жаңа пәтерлер аз қамтылған отбасыларға, ата-ана қамқорынсыз қалғандарға, апатты үйде тұрып жатқан тұрғындарға, сондай-ақ, бюджеттік қызметкерлерге берілді. Үй құрылысына қолданылған материалдардың 80 пайызы - отандық өнім.
Алдағы уақытта Зайсан қаласында тағы екі көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Жобалық-сметалық құжаттары дайын, мемлекеттік сараптамадан өткен. Қазір Қазақ-Қытай шекарасы маңындағы шағын шаһарда 1200-дей адам үй кезегінде тұр.
Анар Сағымжанова, Зайсан қаласының тұрғыны:
- Кезекте тұрғанымызға 8 жыл болды. Жақында осы үйді алып, қоныс тойын тойлап, қуанып жатырмыз. Үйіміз кең, жарық, барлығы жаңа. Өте қуаныштымыз.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.