Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы Астанада қорытындыланды. 31 наурызда Бейжіңде шымылдығы түрілген игі бастама аясында қос елде 40-қа жуық мәдени іс-шара өтті. Олардың қатарында концерттер, халықаралық көрмелер мен  мәдени мұраны дәріптейтін бірлескен жобалар бар. Бұл көршілес елдер арасындағы рухани байланысты нығайтып,  дипломатиялық қатынасты одан әрі бекемдей түсті.

Арман Қырықбаев,  ҚР мәдениет және ақпарат министрі:

Қазіргі кезде екі ел арасындағы қарым-қатынастар жаңа деңгейге көтеріліп, жан-жақты стратегиялық әріпестік бағытында дамып келеді.  Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен төраға Си Цзиньпиннің достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынасы арқасында екіжақты ынтымақтастық мүлдем жаңа мазмұнға ие болды.

Лю Вей,  ансамбльдің көркемдік жетекшісі:

Бұл – менің Қазақстанға, Астанаға алғаш рет келуім. Сән-салтанаты келіскен зәулім театрға кіргенде қатты таңғалдым. Қазақстандық өнерпаздар бізге ерекше қамқорлық танытып, жан-жақты қолдау көрсетті. Бұл жердегі әріптестерімізден көп нәрсе үйреніп, мол тәжірибе жинадық. Достығымыз - берік, келешегіміз - жарқын деп ойлаймын.

Рухия Байдүкенова, әнші:

Қазақтың музыкасына, өнеріне қытай халқының лебізі жылы. Өте жоғары бағалайды. Көптеген халық әндеріміз өз тілдеріне аударылған. Жалпы өнердің, мәдени шаралардың рөлі үлкен. Әр халық өз мәдениетін, тарихын сахнада ұсынады.

Бөлісу