Басты Жаңалықтар Ұлытауда бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтермек

Ұлытауда бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтермек

Ұлытау облысында бірқатар маңызды құрылыс жобалары жүзеге аспақ. Атап айтқанда, Жезқазғанда онкологиялық және перинаталдық орталықтардың құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар, өңірде жаңа аурухана, емхана, оңалту орталығы мен спорт кешендері бой көтереді. Бұл мәселелер Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру мақсатында өткен кездесуде талқыланды. Сонымен қатар, «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында өңірдегі теміржол вокзалдары жаңартылып, Жезқазған – Қызылорда және Жезқазған – Арқалық бағытындағы автожолдар пайдалануға берілді.

Дархан Ахмадиев, ҚР Құрылтайының депутаты:

Алдағы жыл халықтық құрылыс жылы болады деп жоспарланып отыр. Мемлекет осы мақсатқа 6,5 триллион теңге бөлуді көздеп отыр. Сонымен қатар білім беру, спорт және мәдениет нысандары салынады. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бөлісу