Қостанайда еліміздің барлық өңірінің медиаторлары бас қосты. Олар екі күн бойы семинар-тренингтерге қатысып, өз біліктіліктерін шыңдады. Іс-шара «Қазақтану» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Мақсат – этникааралық медиацияны дамыту.
Әр өңірдегі ҚХА жанынан құрылған медиаторлар орталығының негізгі - міндеті ұлтаралық келісімді сақтау. Сонымен қатар, олар сол аумақтағы азаматтар арасындағы ұсақ дау-дамайды шешуге де атсалысады. Медиаторлардың кәсіби деңгейін көтеру жұмыстары әрдайым басты назарда.
Бақытжан Құнас, Атырау облысынан келген медиатор:
Облыстық, аудандық деңгейдегі медиаторлардың курстарына қатысамыз. Қоғамдық келісім, Ассаблеямен бірігіп өткізген семинарларға қатысып, кәсіби білімімізді жетілдіреміз. Әрі қарай да медиция жұмысын көтеріп, міндетімізді мүлтіксіз атқара береміз.
Дәуренбек ӘБДІБЕК