Биылғы жылдың алғашқы 9 айында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ел бойынша 385 келісім жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы жылдың алғашқы 9 айында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ел бойынша 385 келісім жасалды

12.10.2018

Биылғы жылдың алғашқы 9 айында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ел бойынша 385 келісім жасалды. 391 нысанды қамтитын жобалардың жалпы құны 879 миллиард теңге. Бұл мәселе бүгін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында талқыланды. Жалпы соманың 379 миллиардқа жуығы тартылған инвестиция. «Бұл аз көрсеткіш», - дейді жиынға қатысушылар. Керісінше, бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі көп. Келтірілген мәліметтерге сәйкес, жобалардың 60 пайызы білім саласына қажетті нысандар. Сондықтан, отырыстра өзге де салаға назар аудару мәселесі де көтерілді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы өндірісінде мемлекеттік-жекенменшік әріптестік аясындағы жобалар жоқтың қасы.

Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазір көбіне мектепке дейінгі білім беру нысандарын тұрғызып жатыр. Бұл дұрыс емес. Студенттерге қажетті жатақханалар салса да болады. Әрбір студентке 185 айлық көрсеткіш есебінде қаржы бөлінеді өйткені. Сондай-ақ, жекеменшік мектептер салуға да көңіл бөлу керек. Бұл мәселелерді барлықтарыңыз назарда ұстасаңыздар.

 

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу