Басты Жаңалықтар Солтүстік Қазақстан облысындағы «Биохим» зауыты қайтадан іске қосылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Биохим» зауыты қайтадан іске қосылды

Жылына 200 мың тонна бидай өңдей алатын бұл кәсіпорында 400 адам еңбек ететін болады. Жалпы, зауыт жұмысы 3 кезеңге жоспарланған. Алғашқысында диірмен кешенін қосып, ұн шығарса, екіншісінде бидай тереңірек өңделіп, крахмал, желімтік және жемазық шығарылады. Бұл бағытта жұмыстар сәтті басталды. Енді 2019-2020 жылдары биоэтанол өндірісі жүзеге асырылмақ. Бұл елімізге әкелінетін метанолды алмастыруға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетсек, биохим зауыты 2006 жылы ашылып, біраз уақыттан соң жабылып қалған. ТМД-да теңдесі жоқ бұл кәсіпорынға жергілікті атқамінерлер «дала ғажайыбы» деп ат та берген еді. Бірақ, бәсекеге төтеп бере алмады. Жалпы, кәсіпорын жұмысын қайта жандандыруға инвесторлар 11 миллиард теңгеден астам қаражат салды.   

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Бұрын біз клейковина мен крахмалды басқа мемлекеттерден импорт арқылы алып жүруші едік. Енді крахмалды да, клейковинаны да өзіміз экспорттап, бүкіл елдің қажеттілігін 10 пайызға жабамыз.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ    

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу