Ұлттық ресурстық орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ресурстық орталық ашылды

12.10.2018

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан ұлттық ресурстық орталық құрылды. Ол әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын жетілдірумен айналысады. Орталық ЮНИСЕФ балалар қорының және министрліктің ортақ қаржысына құрылған. Орталықтың екі негізгі бағыты бар. Ол әлеуметтік қызметкерлерге методикалық қолдау көрсету мен осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар атқарады. Қазір елімізде 116 мың адамға 10 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер көмек көрсетеді. Орталық олардың жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкестендіретін болады.  

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Қоғамдық ұйым ретінде болады. Оны қаржыландыру министрліктің тарапынан және БҰҰ тарапынан жүзеге асады. Біздің ойымызша, жаңа ресурстық орталық әлеуметтік жұмыскерлердің сапасын арттыруға үлкен әсер етеді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу