Бизнес толық цифрландыруға көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнес толық цифрландыруға көшеді

12.10.2018

Дүниежүзінде жыл сайын ақпараттық деректердің саны 20 пайызға көбейіп отырады. Осыған байланысты оларды сақтау мәселесі өзекті болып отыр. Өйткені, барлық ақпаратты компьютер арқылы пайдаланамыз.

Астанада осы цифрландыруға және бизнесті басқаруға қатысты жаңа трендтерді талқылаған ауқымды конференция өтті. Жиында жеке кәсіпті басқарудың жаңашылдықтары айтылды. Бұдан өзге, цифрлы экономиканы құруда ауқымды деректердің рөлі де сөз болды. Мамандардың айтуынша, «үлкен мәліметтер» технологиясын енгізу және қолдану мемлекеттік басқаруды анағұрлым тиімді етіп, халықтың қоғамдық өмірін жеңілдетеді. Іс-шара «Женева Бизнес мектебінің» ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.   

Раушан Қанатова, «Женева бизнес мектебі» академиялық департаментінің басшысы:

- Қазіргі кезде «Big Data» туралы көп ақпарат беріліп жатыр. Бірақ, адамдардың көбі ол не екенін түсінбейді. Сондықтан, бүгінгі спикерлер «IBW», «Microsoft» компанияларының өкілдері «Big Data» туралы және онымен қалай жұмыс істеу керек, мәліметтерді қалай пайдалану керек, оны қалай ұйымдастыру керектігі туралы айтады.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу