Басты Жаңалықтар Целиноград ауданында жер телімдерін заңсыз сатқаны үшін айыпталған 24 сотталушының бәрі кінәлі деп танылды

Целиноград ауданында жер телімдерін заңсыз сатқаны үшін айыпталған 24 сотталушының бәрі кінәлі деп танылды

Целиноград ауданында жер телімдерін заңсыз сатқаны үшін айыпталған 24 сотталушының барлығы кінәлі деп танылды. Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі алқасы осындай шешім шығарды. Іс прокурордың және сотталушылардың аппеляциялық өтініші бойынша қаралды. Алғашқы үкімге сай 24 адамның 5-уі ақталып, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болды деген 13 адамның 3-уінің кінәсі ғана дәлелденді деген шешім шыққан еді. Енді бостандыққа шыққандардың бірқатары қайтадан қамауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, сотталушылардың қатарында мемлекеттік мекемелердің бұрынғы қызметкерлері, Қосшы ауылдық округінің экс-әкімі және жеке компанияда жұмыс істегендер бар. Олар Астана маңындағы жер телімдерін бөлу мен сатуға мораторий жарияланғанына қарамастан, заңсыз құжаттар әзірлеп, саудалаған. Қылмыстық іс бойынша 300-ге жуық жәбірленуші тіркелген. 

Нұрсұлтан Рақымберлин, Ақмола облыстық сотының судьясы:

- Сотталушылар, яғни, 24 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан болатын. Оның 11-іне бас бостандығынан айыруға байланысты жаза тағайындалып, 13-іне бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалар тағайындалған. Оған себепкер болған: бірінші, олардың қылмысқа қатыстылығы, қылмыс ұйымдасқан топтың құрамында жасалған. Ұйымдастырушылар мен оның басшыларына 7 жылдан бастап қылмыстық жаза тағайындалып отыр.  

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу